Қоғам

ҰБТ тапсырмаларының сатылғандығы туралы мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексереді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түлектерге емтиханда жоғары ұпай жинауға көмектесетін арнайы бағдарлама шығыпты-мыс

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсырмаларын алдын ала білу мүмкіндігі пайда болғаны туралы ақпаратқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдайды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қолданушы Дидар Марданов Facebook парақшасында жариялаған жазбасында министрліктен әлеуметтік желіде тарап кеткен мәліметті анықтап білуді сұраған. Яғни, ұлттық тестілеу жүйесін алдап, жақсы ұпай жинауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама шығыпты-мыс.

"Министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның жаңа форматына дайындалуға арналған тест тапсырмаларын әлеуметтік желіде сатумен айналыспайды. ҚР "Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы" заңына сәйкес, осы дерек бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ҚР ҰҚК-не хат жолдайды. Тәртіп бұзылғандығы немесе алаяқтық жасалғандығы туралы нақты қорытынды тиісті қызметтік тергеу жүргізілгеннен соң жасалады", — деп хабарлады ҚР БҒМ.

Жаңалықтар
0