АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Волгоградта төрт қабатты тұрғын үйдің тұтас бір подъезді опырылып құлады, деп жазады РИА Новости.
Болжам бойынша, подъездің қирауына газ жарылуы себеп болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбалар мен суреттерде көрінгендей, подъезд түгелдей опырылып түскен.
Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.