АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Белгісіз біреу терезе арқылы жанармай бекетіне кіріп, 50 мың теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды өңірлік alau.kz басылымы.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі басылымға берген мәлімет бойынша, оқиға 12 мамыр күні сағат 2:25-те болған. Желіде тарап кеткен бейнежазбада белгісіз біреу Л. Беда көшесі бойындағы жанармай бекетінің терезесінен басып кіреді.
"Тапаншаға ұқсас затты жанармай бекеті операторына кезеніп, белгісіз ер адам 50000 теңге көлемінде ақшалай қаражат ұрлап кетті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде", — деп хабарлады ІІД.
Полицейлер жедел іздеу іс-шараларын орындап жатыр. Сот сараптамалары тағайындалған.