АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Степногорда ескі ғимараттағы лифт шахтасынан белгісіз әйелдің сүйегі табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстана агенттігіне.
Степногорда ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне ПИК өкілі хабарласып, болған жайтты мәлімдеген. Полицияның берген мәліметіне сүйенсек, қалпына келтіру жұмыстары кезінде лифт шахтасынан әйел адамның қаңқасы табылыпты.
Полиция әйелдің сүйегін сараптамаға жіберді, оның кім екенін анықтау бойынша жедел іздеу шаралары жүргізілуде.