Қоғам

ЭКСПО туралы атышулы бейнежазбаның авторы кінәсін мойындады

© Sputnik / Ксения ВоронинаВячеслав Павлюков
Вячеслав Павлюков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО ұйымдастырушылары "жылытқыш төсеу" туралы бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, "айыптыны" көрсетті

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Жұмысшылардың қымбат тұратын "Пеноплекс" жылытқышымен жолдарды қаптап жатқан сәті түсірілген атышулы бейнежазбаның авторы құрылыс басына материалдарды әкелген жүргізуші-мердігер болып шықты. Оқиға қаражатты ысырап ету емес, жол салудың жаңа әдісі екен. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының шұғыл брифингінде хабарланды.

Symbol компаниясының жоба бойынша менеджері Ахметбай Қарахан түсіндіріп өткендей, бейнежазбада конгресс-орталықтағы көлік тұрағының төбесін жылытқышпен жабу процесі түсірілген.

Бұл технологияға рұқсат берілген және қолдану саласы бойынша толық сәйкес келеді.

"Біз бейнежазбаны көріп, таңғалдық. Бұл еуростандартқа сәйкес келетін жоспарлы жоба, америкалық материалдар пайдаланылған. Ол қағаз емес, карбон да емес, қырық мың тоннна ауыр салмақты көтеретін полиплекс, ол жылуды сақтап, вибрацияны болғызбайды. Оны конгресс-орталықтағы көлік тұрағының төбесін жабу үшін пайдаландық", — деп нақтылады Қарахан.

Құм, бетон және басқа да үйреншікті материалдар салмағына байланысты қолданылған жоқ екен.

ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Швейцария ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін қанша қаражат жұмсады

Содан кейін, атышулы бейнежазбаның авторы — жүк тасымалдаумен айналысатын 35 жастағы кәсіпкер Вячеслав Павлюков сөз сөйледі. Оның айтуынша, материалдарды әкелгенде, жұмысшылардың істеп жатқаны бір түрлі көрінген соң, бейнеге түсіріп, мессенджер арқылы достарына жіберіпті.

"Осындай шу шығады деп ойламап едім, баяғыда түсіргенмін, қазір телефонымда жоқ. Сөйтіп, әлеуметтік желіге тарап кетті. Мен бірден ЭКСПО басшылығына хабарласып, болған жайтты айтып бердім. Шын жүректен кешірім сұраймын", — деді жүргізуші.

Оқиғадан соң кәсіпкермен арадағы келісімшарт бұзылды, бірақ қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде 14 мамыр күні пайда болған.

Жаңалықтар
0