АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қай жерде кездескісі келетінін айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
Головкин — Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтетіні белгілі болды. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр. Бұл кездесуді өткізуге қазіргі уақытта бірнеше спорт кешені үмітті.
"Жекпе-жектің қай жерде өтеніні қаржылық табысқа да байланысты болады. Дегенмен спорт кешенін таңдаған кезде ақша бірінші орында болмайды. Өйткені, бұл көптен күткен тарихи кездесу болады. Мен Лас-Вегастың мүмкіндігін жоғары бағалар едім. Себебі, бұл жерде Головкин әлі жұдырықтасқан жоқ. Бұл оның арманы. Лас-Вегаста танымал адамдар мен VIP қонақтар көп. Олардың барлығы жекпе-жекті тамашалауға келетін еді. Мұнда Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо секілді мықтылар жекпе-жек өткізген. Өткенде ғана Кличко мен Джошуаның кездесуі "Уэмблиде" 90 жанкүйерді жинады. Біз де осынша жанкүйер жинай алсақ, керемет болар еді. Қазір осыны мәселені де қарастырып жатырмыз. Бізге ұсыныстап өте көптеп түсіп жатыр", — деді Леффлер UCNLive.com басылымына берген сұқбатында.
Оның айтуынша, Джерри Джонс Головкинді AT&T Stadium стадионынан "Даллас Ковбойз" ойынын тамашалауға шақырды. Аталған стадионда Альварес те Лиам Смитқа қарсы кездесу өткізіп, 50 мың жанкүйер жинаған.
"Далластағы стадионда біз 90 немесе 100 мың билет сата аламыз деп ойлаймын", — дейді Леффлер.