Қоғам

Қазақстандықтар қандай жалған құжаттар жасайды?

© Photo : СЦКАлмас Сәдубаев
Алмас Сәдубаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Sputnik Қазақстанға елімізде көбінесе қандай жалған құжаттар жасалатынын айтып берді.
Садубаев: в Казахстане в основном подделывают дипломы, права и авиабилеты

"Негізінен жалған әуе билеттері, жалған дипломдар, миграциялық карточкадағы миграциялық полиция қызметінің жалған уақытша тіркеу мөрі, жалған жүргізуші куәлігі және жер теліміне құқықты ресімдеу бойынша жалған материалдар кезігеді", — деді Сәдубаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның берген мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған құжаттарды әзірлеу немесе пайдалану туралы бапта қарастырылған 1,5 мыңнан астам қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеген.

Жаңалықтар
0