АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен білімін өткір сынға алды.
"Ақтөбе Таймс" басылымы хабарлағандай, Күләш Шәмшідинова Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқытушыларды іріктеп алу конкурстары кезінде өзі байқаған жайтты айтып берген. Бұл конкурстар кезінде 7 мың мұғалімнің өздері сабақ беретін пәндері бойынша білімі бағаланыпты.
Шәмшідинованың айтуынша, мұғалімдердің тек 5%-ы ғана қарапайым тест бойынша барлық 25 сұраққа жауап берген. Ал сынақ тапсырған ұстаздардың 70%-ы шекті 13 балды да жинай алмаған.
Сондай-ақ, Шәмшідинова мәлімдегендей, мұғалімдердің көпшілігі мүлдем дерлік кітап оқымайды. Мәселен, қазақ әдебиеті мұғалімдері әңгімелесу кезінде мектеп бағдарламасынан бір өлең де оқып бере алмаған.
Бұдан бөлек, "Назарбаев зияткерлік мектебінің" басшысы ұстаздардың компьютермен дұрыс жұмыс істей алмайтынына да шағымданды. Оның айтуынша, кейбіреулер өз поштасының логині пен поролін есте сақтай алмаған.