Мәдениет

Қазақстандағы Норвегия күндері: ертегілер, саяхаттар және ұлттық ас мәзірі

© Sputnik / Валерий МельниковТеатр
Театр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Скандинавиялық ертегілер күні Қазақстанда осымен екінші рет өткелі отыр

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Норвегия күндері аясындағы іс-шаралар Алматы және Павлодар қалаларында 17-21 мамыр аралығында өтеді. Барлық шаралар норвегтердің басты мемлекеттік мерекесі — 17 мамырда тойланатын Конститцуия күніне арналған.

"17-20 мамырда Алматыда, 20-21 мамырда Павлодар қаласында норвег мәдениетін таныстыру мақсатында ересектер мен балаларға арналған кездесулер, мерекелік кештер, мастер-класстар өткізіледі", — деп хабарлады іс-шара ұйымдастырушысы — Scandinavian Council.

Іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, 17 мамырда Алматы қаласында норвег ас мәзірі бойынша мастер-класс болады.

Бейсенбі 18 мамырда Алматыда және жексенбі 21 мамырда Павлодарда #NordicTravelPublicTalk клубының отырысы өтеді, тақырыбы: Норвегияға саяхат.

Жұма 20 мамырда екі қалада Норвег ертегілері күні өткізілмек.

Павлодарда ертегілерді Vernissage сән театры оқиды, шара С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада болады. Шаралар күнтізбесімен толығырақ Scandinavian Council сайтында таныса аласыздар.

Жаңалықтар
0