АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі 15-20 м/с, Қызылорда облысында шанды дауыл болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Түнде және танертен Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.