Оқиға

БАҚ: Қашағанның NCOC операторы хакер шабуылына ұшыраған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАқпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйелер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
NCOC кеңсесіндегі барлық компьютерлерді вирустық бағдарлама өшіріп тастаған

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik.Қашаған кен орнының серверлер операторы North Caspian Operating Company (NCOC) хакерлік шабуылға ұшырады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Хакер - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлем бойынша компьютерлерге вирустық шабуыл жасалды

Шабуыл жұма күні 12 мамырда шамамен сағат 16:00 кезінде болған. Компанияның киберқорғаныс қызметі вирусқа тосқауыл қойып үлгермеді.

"Компания қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, компьютерлер коматоздық жағдайда болған, яғни мониторда "көк экран" пайда болған", — деп атап өтті басылым.

NCOC баспасөз қызметі ақпаратты растап, компания кеңсесінде желі мен поштаны ажыратуға тура келгенін айтады, алайда бұл кен орны мен зауыттың жұмыстарына кедергі келтірмепті.

Жаңалықтар
0