Қоғам

Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады

© Sputnik / Алексей Дудыкин / Медиабанкке өтуСпорт
Спорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 мамырдан бастап "Жерұйық" саябағында CrossFit элементтерімен бір сағаттық жаттығу өткізіледі

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik. Жексенбі күні, 14 мамырда, әр апта сайын өтетін "Fitness Park Astana" спорттық-бұқаралық шарасы басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Телефондарды қуаттауға арналған құрылғы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елордалықтар телефондарын көшеде қуаттайын болды

Аталған шара "Outdoor Sport Area" форматында өтеді. Демек, жаппай жаттығулар ашық аспан астында жасалады.

Астананың үздік спорт жаттықтырушылары тегін жаттығуларды 5 бағыт бойынша жүргізеді: Cross-Fit, Бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, Combat-battle және Йога. Бірінші жаттығу Астаналық саябақта өтеді.

21 мамырдан бастап "Жерұйық" саябағында CrossFit элементтерімен бір сағаттық жаттығу өткізіледі. Бұдан басқа, Zumba және дәстүрлі джиу-джитсу жаттығуларына қатысуға болады. "Студенттік" саябақта аталған бағыттардан басқа тай боксынан жаттығулар ұйымдастырылады.

Ашық аспан астындағы жаттығулар жаз бойы "Астаналық", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтарда әр жексенбі сайын сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға тартуға бағытталған "Fitness Park Astana" спорттық-бұқаралық шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Жаңалықтар
0