Қоғам

Дүниежүзі қазақтары жазда Астанаға келеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБүркітші
Бүркітші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада маусымның соңында әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. 22-25 маусым аралығында өтетін Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайына әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасының өкілдері қатысады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.  

Құрылтай 1992 жылдан бері бес жылда бір рет өткізіледі. Биыл бесінші Құрылтай 22-25 маусым аралығында Астанада өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 23 маусым күні Назарбаев Университетінде болады.

Бесінші Құрылтайға әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасының 350 шетелдік өкілі, 370 қазақстандық интеллигенция мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының өкілдері қатысады.

Құрылтай аясында "Халифа Алтай және тарихтың оралуы" халықаралық конференциясы өтеді, делегаттар үшін астананың көрікті жерлеріне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, "Этно-ауыл" кешеніне саяхаттар ұйымдастырылады.

Жаңалықтар
0