Оқиға

Полиция Астана тұрғынын ұрлап кеткендерді қолға түсірді

© AP Photo / Patrick SemanskyНаручники, фото из архива
Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер жігітті ұрып-соғып, жасамаған қылмысты мойындатпақ болады

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Астана полицейлері қала тұрғынын заңсыз ұстап, оны өзі жасамаған ұрлықты мойындатпақшы болған қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Астана қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы. 

Бейсенбі, 11 мамырда жедел іздестіру шараларының барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар 24 жастағы жігітті қаладағы бизнес орталығының аумағында заңсыз күштеп ұстаған. 

Ұсталғандар —Астана, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысының 27, 28 және 32 жастағы тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

Жапа шеккен адамның айтуынша, 10 мамыр күні түнде белгісіз үш жігіт оны бизнес орталықтың аумағында ұстаған. Олар ер адамды ұрып-соғып, қарумен ауаға атып, оны кеңседен ақша мен құжаттар ұрлағаны туралы қолхат жазуға мәжбүр етеді. 

Қазіргі уақытта жәбірленуші қалалық ауруханада емделіп жатыр. 


Жаңалықтар
0