АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Қарағандыда болған қатты өрт салдарынан тұншықтырғыш газға уланып, егде ерлі-зайыптылар мен жас қыз көз жұмды.
12 мамырға қараған түні бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. От пен қалың қара түтін, көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда, жоғарғы қабаттарға көтеріле бастады.
Өрт сөндіру қызметтері бірнеше минуттан кейін келіп, жақын маңдағы подъездердегі көршілерін қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша 16 адам аман қалды. "Біз төртінші қабатта тұрамыз. Әпкем екеумізді анамыз оятты, ыстың исі қатты шықты, бөлме түтінге толған. Біз шүберекті сулап мұрнымызға қойып балконға шықтық. Әпкемді ол жерден өрт сөндіруші баспалдақпен түсірді. Анам екеуміз өзіміз түстік. Біз аман қалдық", — дейді үй тұрғыны Сандуғаш Сатмағамбетова.
Алайда үшінші қабатта тұратын тұрғындар – ерлі-зайыптылар мен бойжеткен қыз қаза болды. Олар оянбай, сол бойы тұншығып қалған болуы әбден мүмкін.
Үй тұрғындары боған оқиғаға наразы: өртенген пәтерде тұрақты тұрғындардың болмаған – баспананы тәулікке жалға беріп келген. Адамдар полициядан кінәлілерді тауып, жазаға тартуды талап етіп отыр, өйткені өрт сөндіру кезде пәтерден ешкім табылмаған.
"Екі зардап шегуші – 40 жасар әйел мен оның 14 жастағы баласы – қазір ауруханада ауыр хәлде жатыр. Олар тұншықтырғыш газға уланып қалған. Әйел комада, бала есін жиды, өзі тыныс алып жатыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", — деп атап өтті Қарағанда облыс денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД және ІІД тергеушілері жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаның боламын қарастыруда.