АСТАНА, 12 мамыр. — Sputnik. Индонезиялық сот Джакартаның губернаторын Құранға тіл тигізіп балағаттағаны үшін екі жыл бас бостандығынан айырып, түрмеге жабуға үкім шығарған, деп жазады muftyat.kz.
Daily Sabah басылымының хабарлауынша, бес соттан тұратын топ мүшелері Джакартаның Басуки "Ахок" Тджахаджа Пурнама есімді губернаторын "сенімді түрде асылық танытқаны үшін айыпты" деп тауып, қамауға алуға бұйырды.
Ахок Джакартаның жарты ғасырында бірінші рет болып тұрған мұсылман емес, шыққан тегі қытай басшысы. Үкім шығарылғанда өзін байсалды ұстап, шығарылған үкімге қарсы апелляциялық шағым беретінін айтқан.
Ол жедел түрде түрмеге қамалды, ал үкімет болса оның түрмеде жазасын өтеу кезінде орынбасары Джакартаны басқаратын болады деп мәлімдеді.
50 жастағы губернатор өткен жылы өзінің сайлау алдындағы науқанында Құранға тіл тигізгені үшін сот алдына келген болатын. Сол кезде оның сөздері Джакартада бірқатар жаппай қарсылық тудырған еді.
Бас үкім шығарушы, Двиарсо Буди Сантиартоның мәлімдеуінше, соттың талқылауы тек таза қылмыстық түрде өткен, ал сот бұл іске таңылған саяси астармен мүлде келіспейді.
Оның айтуынша, Ахока өзінің сайлау алды науқанында Исламды кемсітіп әрі тіл тигізіп қорлаған екен.
"Діни қоғам аясында айыпталушы дін нышандарына қатысты жағымсыз коннотациялары бар сөздерді байқап қолдануы тиіс, бұл сотталушының өз дініне де қатысты", — деген Бас үкім шығарушы.
Губернатордың екі жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге жабылуы күтпеген нәтиже болды, өйткені прокурорлар шартты түрде екі жыл беруді ұсынған екен. Индонезияда дінге тіл тигізіп асылық танытқаны үшін берілетін жазаның ең ұзақ мерзімі — бес жыл түрмеге қамалу.
Индонезияның 255 миллион халқының 90% мұсылмандар болып табылады. Жалпы алғанда, индонезиялық қоғам өте төзімді әрі алуан пікірлі болып келеді, өйткені, көріп отырғанымыздай, астананың билеушісі христиан бола береді екен. Алайда елдің мұсылман қауымы мұндай алуан пікірліктің дінге тіл тигізуіне жол бермейді.