Қоғам

Танымал қазақстандықтар туралы сұрақтар ҰБТ-ға енген жоқ

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді 95 мыңнан астам түлек тапсырады

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. ҰБТ-ның қорытынды тапсырмаларына танымал қазақстандық тұлғалар туралы сұрақтар енген жоқ, бірақ байқау сынақтарында кезігуі мүмкін, деп хабарлады ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

"Танымал тұлғаларға қатысты барлық сұрақ байқау тестілеуінде болды. Байқау сынағындағы сұрақтар ҰБТ деректер базасына ешқашан енгізілген емес. Болашақта да Димаш Құдайберген туралы сұрақтар құрастыруымыз мүмкін, бірақ, тағы да қайталап айтайын, бұл байқау сынағы деңгейінде ғана болады", — деп мәлімдеді Рамазан Әлімқұлов БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап беріп.

Айта кетейік, ҰБТ-ның деректер базасына қазақ және орыс тілдеріндегі 40 мың сұрақ енеді екен. Қазіргі уақытта емтихан материалдары құпия түрде басылып шығарылуда.

Жаңалықтар
0