Қоғам

Questra Holdings қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органдары компания қызметін тексеріп жатыр

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Questra Holdings Inc." қаржы пирамидасы қызметін бақылауға алады, деп хабарлады Бас прокуратура баспасөз қызметі.

Деньги - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекболат Тілеухан қаржылық пирамидаға қатысты: кім жаман? Үкімет жаман

Ведомство хабарлағандай, Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органы осы жылдың 15 наурызынан "Questra Holdings Inc." қатысты қылмыстық іс бастаған.

"ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді. Ұлттық Банкпен, ІІМ-мен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирамидаларының қызметтерін бұлтартпау үшін шаралар қабылдаймыз". — делінген хабарламада.

Бас прокуратурас азаматтарды сақ болуға және өз қаражаттарын алаяқтарға сеніп тапсырмауға шақырып, күмән туған жағдайда, ақшаны салмас бұрын құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Жаңалықтар
0