АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Құқық қорғау органдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясынан он дана Макаров тапаншасының жоғалып кетуіне байланысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі толығырақ мәлімет берген жоқ.
"Макаров тапаншасының саны түгел болмай шыққанын растаймыз. Қазір құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Академия баспасөз қызметі де ешқандай пікір білдірмеді.