АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Павлодарда полицейлер жоғалып кеткен балаларды тауып алды, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Полицияның берген мәліметіне сүйенсек, 10 мамыр күні сағат 23:00 кезінде 9 және 11 жастағы екі ұл баланың жоғалып кеткендігі туралы хабар келіп түскен. Ішімдікке мас болған 40 жастағы ананың айтуынша, балалар Короленко көшесі бойындағы жеке үйдің ауласында ойнап жүреді. Сағат 22:00-де үй маңындағы дүкенге кіріп, қайта шықса, балалары жоғалып кеткен.
Келесі күні полицейлер жұрттан сұрастырып, кеше кешкісін мас әйелдің балаларын тығуды сұрап көше кезіп жүргенін білген. Осы ақпаратты тексере отырып, полицейлер Роза Люксембург көшесі бойындағы үйлерді қарап, тып-тыныш ұйықтап жатқан балаларды тауыпты.
Үй иесінің айтуынша, бейтаныс әйел балаларын ертең таңертең алып кетемін деп қалдырған.
Жауапсыз анаға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 күнге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.