АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Астанаға 10 мамырда ұшуы керек болатын, бірақ техникалық ақауға байланысты әлі әуежайдан шыққан жоқ, деп хабарлайды әуе компания баспасөз қызметі.
Әуе тасымалдаушысының берген мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы 10 мамырда Bombardier Q400 NextGen ұшағы Алматы-Астана бағдарлы IQ351 рейсіне дайындалғанымен, техникалық ақау туындағаны туралы белгі берілген соң ұшу-қону жолағынан қайта оралған. Ұшақтың бортында 74 жолаушы болыпты.
"Ұшақты ұшырмау туралы шешім халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес қабылданған. Қазір әуе компания ұшақты толық тексеруден өткізіп, болған оқиғаның себебін анықтап жатыр", — делінген хабарламада.
Жолаушыларға сапарды жалғастырудың басқа жолдары ұсынылған немесе билет құнын толығымен қайтарып алуға болады.