Оқиға

Алматыда тыр жалаңаш жүрген ер адам бірнеше рет сотталған болып шықты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтусотталушы
сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полициясы әуежайда жалаңаштанып жүрген ер адамға қатысты түсініктеме берді

АСТАНА, 11 мамыр. — Sputnik. Алматы әуежайында тыр жалаңаш күйінде жүрген ер адам "Бұзақылық" бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық ішкі істер департаментінен. 

"Кеше сағат 19.45-те Алматы қаласы ІІД-нің жедел басқару орталығына азаматтар хабарласып, белгісіз ер адамның әуежай аумағында тыр жалаңаш күйінде және адамдарға тиісіп жүргенін хабарлады", — дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, жол-патрульдік полиция дереу әуежайға жетіп, ер адамнан қоғамдық орында бейәдеп  жүруінің себебін сұраған. Бірақ тәртіп сақшылары одан анық жауап ала алмады. Түріне қарап, ішіп алғанын немесе есірткі қабылдағанын анықтау мүмкін бомаған. 

"Оны көлікке отыруға шақырған кезде, ол қашпақ болған. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сол жерде оның кім екені анықталды. 1976 жылы туған алматылықтың бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Полицей учаскесіне "жедел жәрдемнің" тоғызыншы бригадасы шақыртылды, олар ер адамды тексеріп, қарады. Ал полиция қызметкерлері ол қалалық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр ма, жоқ па, соны анықтап жатыр", — деді Салтанат Әзірбек. 

Бұдан кейін ер адамға қатысты әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қолданылды. Ол 434-бап (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

Жаңалықтар
0