АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. 21 сәуірде елорда әкімдігі қаланың 112 су тоғанында жәндіктермен күрес шараларын бастады, деп хабарланады Астана әкімдігінің ресми сайтында.
Масалардың жұмыртқаларын жою елорданың барлық су тоғандарында, және қаладан 3-5 км радиуста жүргізілуде. Астанада маусымына 5-6 рет медициналық мақсаттағы инсектицидтермен өңдеу шаралары жүргізіліп тұрады.
Жәндіктердің ересек түрлерін жою мақсатында қала басшылығы ландшафттық және табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, 3,5 км радиуста масалардың күндік орындарын өңдеу шараларын ұйымдастырды. Өңдеу жұмыстарының мерзімі мен мерзімділігі энтомологиялық көрсеткіштердің негізінде – жәндіктердің жаппай ұшып шығуына дейін 2-4 күн бұрын анықталады. Масаларды жою ультра-кіші көлемді себізгілер, термо және жел генераторлардың көмегімен жүргізілуде.
22 сәуірден бастап "Дезинфекция" ЖММ БҚОҰ және "Столичная дезинфекция" ЖШС масаларды қала аумағына кіргізбеу үшін Астананың айналасында қорғаныс кедергісін құру бойыша жұмыстарды бастады, ал 26 сәуірден орам ішілік аумақта өңдеу шаралары басталды. Дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге қала бойынша 120 дезинфектор жұмылдырылды.
Әкімдік жоспарлаған жұмыстардың 100 пайыз орындалғанына қарамастан, жәндіктер елорда тұрғындарына әлі де болса ыңғайсыздықтар тудыруда.
"Қаланың орамішілік аумағында масалардың болуына басты себептердің бірі – көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінің нашар жағдайы. "Алматы"ауданында Янушкевич көшесі 12 үй мекен-жайы бойынша жертөлені су басқан, үйге кіре беріс қақпа мен бірінші қабаттан 40 жәндік көзге көрінді. Мұндай жағдай елорданың бірнеше ауданында тіркелген. Масалар мен кеміргіштерге қарсы шаралардың нәтижелі өтуіне жергілікті ПИК-тердің көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында дезинсекциялық жұмыстарды сапасыз жүргізуі де кері әсер етіп отыр", — делінген хабарламада.
"Сарыарқа" ауданында 139 ПИК-тің (890 үй) – 108 ПИК (890) үй — 78% дезинсекция жүргізу туралы келісімшартқа отырған. Масаларға қарсы өңдеу шаралары 8 ПИК-те (22 үйде) жүргізілген. Сонымен бірге, 3 мамырдағы жағдай бойынша келісімшарттарға отыру бойынша ахуал өзгеріссіз қалды (78 %), бірақ 7 ПИК-те (49 үй) дезинсекциялық шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні 15 ПИК-те (71 үй) — 11 % өңдеу шаралары жүргізіліп отыр.
"Алматы" ауданында 221 ПИК-тің (1084 үй) 94 ПИК(516 үй) — 42 % (5.04.17 ж. — 40%) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды. Масаларға қарсы өңдеу шараларын 2 ПИК (3 үй) жүргізді.
"Есіл" ауданы бойынша: 86 ПИК (208 үй) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды — 43 ПИК (91 үй) — 49 % (29 ПИК (65 үй) — 36 %), "Дидар" ПИК — 2 үй өңдеу шараларын жүргізді.
Келтірілген мәліметтер елордалық ПИК-тердің дезинсекция мәселелеріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Мұндай жауапсыздық ПИК-тер коммерциялық емес ұйым бола тұрып, ҚР ӘҚБК "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" 524 бабына жатпайтынымен байланысты болуы мүмкін.
Аталған бапты бұзғаны үшін жеке тұлғалар үшін 10, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 120 АЕК көлемінде жаза қарастырылған.