Оқиға

Алматы полициясында Орталық зираттағы қарақшы туралы айтып берді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтукүдікті
күдікті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматылық зиратта бірнеше әйелді тонаған рецидивист түрмеден осы жылдың қаңтарында босап шыққан

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Алматы зиратында бірнеше әйелді тонаған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ішкі істер департаментінде. 

Танымал журналист Татьяна Гуржий өзінің Facebook желісіндегі парақшасында 9 мамыр күні алматылық зиратта ер адамның пышақ кезеп бағалы бұйымдарын ұрлап кеткені туралы жазған болатын. 

пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы зиратта танымал журналисті тонап кетті

"Алматылық, 1966 жылы туған Түрксіб ауданының тұрғыны, бұрын соңды бернеше рет сотты болған рецидивист. Ол қарақшылық, зорлау және ер адамға қатысты зорлық әрекеттері қылмысын жасағаны үшін тағы да сотты болған. Соңғы рет ол 2017 жылдың қаңтарында түрмеден босап шыққан", — деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның сөзіне қарағанда, осы уақыт бойы ол еш жерде жұмыс істемеген. 9 мамырда ол Орталық зират аумағында екі әйелді тонады.  Олар полицияға арызданды. 192-баптың 2-бөлігінің 4-бөлігі (Қарақшылық шабуыл жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сол күні оның тағы бір әйелге шабуыл жасағаны  анықталды, алайда ол өз себептерімен оқиғаға қатысты шағым түсірмеген. 

"Кеше ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп, ол ұсталды. Тұрғылықты мекен жайы бойынша тінту жүргізіліп, дәлелді заттар алынды. Оның ішінде қылмыс құралдары да бар", — деді Салтанат Әзірбек.  

Күдікті уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. 


Жаңалықтар
0