Оқиға

Ақмола облысында бес ай бойы іздестірілген жігіт өлі күйінде табылды

© ДЧС Северо-Казахстанской областиЕсіл
Есіл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты жыл дерлік уақыт бұрын жоғалып кеткен он тоғыз жастағы жігіттің денесі өзеннен табылды

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Мүрдені жергілікті тұрғын 10 мамыр күні Пригородное ауылынан 2,5 шақырым жерде Есіл өзенінен тауып, Жарқайын АІІБ телефон соққан. 

Тану барысында Жаңа жылда жоғалып кеткен 1998 жылы туған жергілікті тұрғын Руслан Зеленов екені анықталды. Бірінші қаңтар күні 00.15-те ол үйінен шығып дискотекаға кеткен. Сол кезде бері оның тағдыры белгісіз болды. 

Полицияның атап өтуінше, ол есепте тұрмаған. Бұрын соңды үйінен ұзақ уақытқа кетіп қалмаған. Зорлық белгілері байқалмайтын мүрде мәйітханаға жолданып, сараптама тағайындалды. Жоғалып кеткен жігітің өлу себебі анықталу үстінде. 


Жаңалықтар
0