АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болып, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді.