АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. ФИБА әйел баскетболшыларға жабық киіммен ойнауына рұқсат берді, деп хабарлайды Muslim.kz сайты.
Баскетбол халықаралық федерациясы (ФИБА) әйел ойыншылардың алаңға хиджаб секілді басын орайтын киіммен шығуына салынған тыйымды кері қайтаруға шешім қабылдап отыр. Жаңа ереже өткен аптада ФИБА ұйымының орталық қызметінің жиналысында мақұлданып, келесі күні халықаралық федерация конгресі ресми заң ретінде қабылдады. Бұл жайында "Әл-Жазира" телеарнасы хабар таратты.
"Бұл мәселе атқару комитетінің жиналысында талқыланды, қатысушылардың барлығы да жаңа өзгерісті қолдады", – дейді федерацияның атқарушы директоры Джим Тули.