АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. National Georgraphic Қырғи қабақ соғысы кезіндегі ғарыш бағдарламасынан қалған ескерткіштер түсірілген суреттер мен бейнежазбаларды жариялады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының ангарында жасырылған, кеңестік дәуірден қалған екі ғарыш зымыраны бүгінде шаң басып тұр. Олар фотограф Александр Кунастың назарына ілінсе керек.
Ғарыш кемелерінің бірі "Птичка" деп аталады, ол ғарышқа ешқашан сапар шеккен емес. Екінші сынақ агрегаты да ешқашан ұшырылмаған. Басылымның берген мәліметі бойынша, екі зымыран 1970-1980 жылдары жасалған.
Алты ай бұрын ресейлік фотограф әрі кинорежиссер Александр Кунас сергімен бірге 24 шақырым шөл даланы жүріп өтіп, ескі ғарыш кемелерінің арасында үш күн болған екен.