АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Алматы қалалық соты "Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры" АҚ-дағы қаражат қымқыру ісіне қатысты жаңа тұлға — Мегатрансазия" ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаев туралы ақпарат беріп өтті.
"Сот Талғас Тұртаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алу мерзімін үш айға дейін, яғни 23 мамырға дейін ұзартты", — деп хабарлады қалалық сот баспасөз қызметі.
Қалалық сот атап өткендей, Талғас Тұртаев ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша күдікке ілініп отыр.