Қоғам

Серік Сәпиев жол жөндеу жұмыстары киіктерге кесірін тигізе ме деп алаңдайды

© Министерство сельского хозяйства Казахстанакиіктер
киіктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серик Сәпиев Батыс Қазақстандағы тас жолды жөндеу кезінде киіктердің көшіп жүруі үшін қауіпсіз жағдай жасауды сұрады

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Депутат Серік Сәпиев Мәжіліс отырысында жол жөндеу жұмыстары кезінде киіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс отырысында бүгін депутаттар Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Келісімге сәйкес Қазақстан Азия даму банкінен $240 млн қарыз алады. Бұл қаражат Ақтөбе мен Мақат елді мекендері арасындағы ұзындығы 299 км болатын жол учаскесін қалпына келтіруге бағытталады. 

Серик Сапиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сәпиев мәжілістегі қызметі туралы: талмай еңбек етемін

"Ақтобе-Мақат" автожолын қалпына келтіру жобасын жүзеге асыру барысында, менің ойымша, жабайы жануарлар туралы ұмытпау керек. Мәселен, киіктердің көшуі кезінде олардың қырылу қаупі туындауы мүмкін. Осыған байланысты жануарлардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қарастырылғанын айтып өтсеңіз", — деп өтінді депутат Серік Сәпиев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектен. 

Министрдің атап өтуінше, бұл өңірде түрлі жабайы жануарлардың жаппай көшуі болады. 

"Бірақ нақты "Ақтобе-Мақат" жобасы бойынша мұндай аймақтар жоқ. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігінен, табиғатты қорғау басқармасынан арнайы рұқсат аламыз. Көрші учаскелерде, мәселен, Арқалықтан Ырғыз арқылы Ақтөбеге өтетін аумақта жануарлардың көшуі болады, қазір біз бұл учаскенің жобасын жасап жатырмыз, бұл жерде жануарлардың популяциясы үшін арнайы оларды өткізетін орындар қарастырылады", — деді Қасымбек. 

 

Жаңалықтар
0