АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп ФБР директоры Джеймс Комиді қызметтен босатты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін президент Дональд Трамп ФБР директоры Джеймс Комидің өкілеттігі тоқтап, қызметтен шеттетілгені туралы хабарлады", — делінген Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсердің мәлімдемесінде.
ФБР басшысы бас прокурор, юстиция министрлігі басшысының ұсынымы бойынша қызметтен босатылғаны хабарланады.