АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. 10 мамырдан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарының құжаттарын тексеру күшейтіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Аталған акцияның шеңберінде құжаттарды тексеру күшейтілмек. Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткен дұрыс. "Құқықтық тәртіп" шарасының басты міндеті — елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау", - деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Шара "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр.