Өңірлер

9 мамыр күні Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады

© AFP 2024 / DANIEL LEAL-OLIVASҚызғалдақ
Қызғалдақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның батыс, оңтүстік,солтүстік батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай түседі

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  батыс, оңтүстік, солтүстік батыс  аймақтарында жаңбыр  найзағаймен болады, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауылмен болады,  солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда  тұман күтіледі, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайтында. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20  м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түсуі ықтимал.


Жаңалықтар
0