Өңірлер

Қазақстанда жаңбыр жауады деп күтіледі

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірқатар облысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбырлар жауады, жел күшейеді

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым  бөлігіндерде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбырлар жауады, жел күшейеді, шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады, деп хабарланады ҚР ІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Солтүстік  Қазақстан облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді,  кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с болып, кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысында найзағай болғанда жел күшейеді 15-20 м/с дейін.Қостанай, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20м/с күшейді.Түнде Жамбыл, күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Жаңалықтар
0