Қоғам

Астана әкімі бірнеше ауданда жарықтың сөнуін түсіндірді

CC0 / / Электр жарығы
Электр жарығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбі күні түнге қарай 4-ші және 5-ші шағын аудандар, Ақ Бұлақ және Момышұлы даңғылының тұрғындары жарықсыз қалды

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Сенбі күні кешкі сағат 10-нан кейін Астананың бірнеше ауданында жарық сөніп қалды. Астана әкімі Әсет Исекешев жарықтың сөніп қалу себебін түсіндіріп, қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

"Іске қосу және жөндеу филиалы аралық станциясында апат болып, соның салдарынан Момышұлы және басқа да бірқатар көшедегі үйлерде жарық сөніп қалды. Әкімдіктің, АЭК және басқа ұйымдардың мамандары апат болған жерде. Жуық арада электр қуатының қашан қосылатынан айтамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, бүкіл қажетті шараларды қолданып жатырмыз", — деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі сағат 23:35-те.

Кейінірек қала басшысы болған оқиғаны толық сипаттап, сенбі күні сағат 22:30-да Сәтбаев көшесі және Момышұлы даңғылы қиылысында орналасқан Іске қосу және жөндеу филиалы аралық станциясында кабельдік канал тұтанғанын айтты. Соның салдарынан Ақ Бұлақ 1,2,3, Момышұлы даңғылы, 4-ші, 5-ші шағын аудандар, "Еуразия" СО ауданындағы тұтынушылар электр жарығынсыз қалған.

Түнде "Астана — Аймақтық Электр желі Компаниясы" АҚ мамандары апат салдарын жойды.

Жаңалықтар
0