АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Астанада "Айя" тұрғын үй кешенінде алты адам лифтте қалып қойған.
"Бұл кеше болған оқиға. Лифт құлаған жоқ, жиырма минутқа тұрып қалды. Ішінде алты адам болған. Мамандар келіп жөндеген соң, бәрі сыртқа шығарылды", — деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Эльвира Жүргенбаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Лифтердің істен шығуы туралы оқиғалар БАҚ беттерінде жиі жарияланып жүр. Сәуір айы ішінде екі жайт орын алған. Осыған орай қала әкімі Әсет Исекешев орынбасары Андрей Лукинге прокуратурамен бірлесіп он күн ішінде барлық лифт компанияларының жұмысын тексеріп шығуды тапсырды.