Саясат

Назарбаев пен Путин Астанада өткен сириялық келіссөздердің қорытындыларын талқылады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшылары Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындыларын талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

"Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады", — делінген Ақорда сайында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Астанада биылғы 3-4 мамырда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

 

Жаңалықтар
0