АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Астанада тәрбиешілер балаларды саябаққа серуендеуге алып шыққан кезде, бүлдіршін жоғалтып кеткен. Оқиға туралы жаңалық әлеуметтік желіде таратыла бастады.
Астаналық Лейла Күленованың айтуынша, маңынан өтіп бара жатқан әйел баланы жақын жерде орналасқан "Керемет" балабақшасына апарып, сонда қалдырған.
Балабақша жетекшілігі полицияға жүгініп, сәбидің әке-шешесін іздестіре бастаған.
Бала ата-анасына аман-есен табысталды. Бүлдіршіннің қай балабақшаға баратыны жарияланбады.