Мәдениет

Джаз ханшайымы: Жанна Саттарова Алматыда көз жұмды

Жазылу
Жұма күні үш жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен танымал джаз орындаушысы Жанна Саттарованың көз жұмғаны туралы жұма, 5 мамыр күні белгілі болды

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Джаз стиліндегі қазақстандық орындаушы Жанна Саттарова созылмалы сырқаттан кейін 49 жасқа қараған шағында көз жұмды. 

Әнші Жанна Саттарованың дүниеден озғаны туралы оның әпкесі Гаухар Саттарова өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Кейіннен әншінің туыстары ақпаратты телефон арқылы растады. 

Жанна Саттарова ұзақ уақыт бойы онкологиялық сырқатпен айырған. Қоштау орны туралы кейінірек хабарланатын болады. 

© Photo : аккаунт Жанны Саттаровой в FacebookЖанна Саттарова
Жанна Саттарова - Sputnik Қазақстан
1/3
Жанна Саттарова
© Photo : аккаунт Жанны Саттаровой в FacebookЖанна Саттарова
Жанна Саттарова - Sputnik Қазақстан
2/3
Жанна Саттарова
© Photo : аккаунт Жанны Саттаровой в FacebookЖанна Саттарова
Жанна Саттарова - Sputnik Қазақстан
3/3
Жанна Саттарова
1/3
Жанна Саттарова
2/3
Жанна Саттарова
3/3
Жанна Саттарова

Саттарованың қатерлі ісіктің соңғы кезеңіне шалдыққаны туралы 2014 жылы анықталған. Әнші қазақстандық және шетелдік клиникаларда емделген еді. 

Жанна Саттарова 20 жыл өмірін сахнаға арнаған. Халық арасында ол Қазақстанның "джаз ханшайымы" деген атаққа ие болған. 

 

Жаңалықтар
0