АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев әйелімен ажырасып кетті. Бұл туралы Нұржан инстаграмдағы парақшасында жазған.
"Ассалаумағалейкум инстаграмдағы достарым! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қазіргі жасым, 1 мамырда 26-ға толып жатырмын. Отбасылық жағдайымды сұрап жатқандар үшін айтарым. Отбасымда келіспеушіліктер болып, әйеліммен ажырасып кеттім. Көңілімізді түсірмейік. Қазақ елі аман, жұртымыз тыныш болып, қазақ елі мәңгілік жасасын!", – деп жазады Нұржан.
Ерте қартаю дертіне шалдыққан Нұржан Өркешбаев 2015 жылы тамызда шаңырақ көтерген болатын.
Атыраулық жігіттің бет-әлпетіне бірнеше рет операция жасалды. Тіпті соңғы операциядан кейін дәрігерлер Нұржанды отыз жасқа жасарды деп жар салған еді.