Қоғам

Жолаушылар ЭКСПО билеттерін Астана және Алматы вокзалдарынан сатып ала алады

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы"ЭКСПО-2017 ақпараттық стенд
ЭКСПО-2017 ақпараттық стенд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана және Алматы-1 вокзалдарында көпфункциялы стенддер қойылды

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Астана теміржол вокзалына "ЭКСПО- 2017" ақпараттық стенд орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 

"Қала қонақтары мен жолаушылар ақпараттық стендтен алдағы Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің жөн-жобасы, мән-маңызы, туралы инфографикалық модулі мен сенсорлық үстеліне назар аударады", — делінген хабарламада.  .

Сонымен қатар стендіде шараға қатысты билет сату терминалы, телефондар мен фотоаппараттарды қуаттандыру көзі де орналастырылған.

Ақпараттық стенд соңғы үлгідегі графикалық талаптарға сай.

"Замануи қондырғының арқасында компьютерден берілетін бейнекөріністер теледидарға желісіз жіберіледі. Смартфондар мен фотоапараттарға арналған USB порттары арқылы жолаушылар құралдарын қуаттандыруына мүмкінік жасалған", — дейді "ҚТЖ" ҰК"АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту мен пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

Мұндай ақпараттық стенді Алматы-1 станциясының вокзалына да орналастырылды.

Жолаушылар ақпараттық стенді қызметімен Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталғанша тұтына алады.

 

Жаңалықтар
0