Оқиға

Кравченко Василий Нидің босап шығуы туралы: сот шешімін құрметтеймін

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанАндрей Кравченко
Андрей Кравченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко 1 миллион АҚШ доллары мөлшерінде пара алу үстінде ұсталған "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының бұрынғы президенті Василий Ниді қылмыстық жауаптан босату туралы сот шешіміне қатысты пікір білдірді.
Кравченко об освобождении Василия Ни: уважаю решение суда

"Мен соттың қорыта келе мұндай шешімге қалай келгенін білмеймін, бірақ мен заңгер ретіне ол шешімді құрметтеймін. Сот назар аударған қандай да бір уәж және егжей-тегжей болған болуы мүмкін", — деді Кравченко журналистерге жұма күні. 

Бұдан бұрын БАҚ-та бір миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі пара алу үстінде ұсталған "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының бұрынғы президенті Василий Нидің қылмыстық жауаптан босатылғаны туралы хабарлаған болатын. Онымен бірге жауаптылықтан ивесторлармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Махаббат Сайдуллаева босатылды. 


Жаңалықтар
0