Қоғам

Министр жылына қанша адам 10 сотық жер алатынын айтты

© Photo : serke.orgЖер
Жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылым салынады

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Жыл сайын республика бойынша 40 мың адамға үй салуға он сотық жер берілетін болады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

жер - Sputnik Қазақстан
Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Мәселен, Алматы облысында салынатын баспананың сексен пайызы жеке меншік тұрғын үйлер болады. Тізімде он сотық жерге тұрғандар өте көп. Сондықтан біз әкімшіліктермен мынадай келісімге келдік: инфрақұрылым салған соң ғана он сотық жер беріледі. Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа бір жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді", — деді Қасымбек үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, республика бойынша жылына 40 мың адам жер алатын болады.

Жаңалықтар
0