Қоғам

Алматы билік өкілдері полицейге шабуыл жасаған ер адам туралы айтып берді

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері полицейді жұдырығымен бір ұрып, әлеуметтік желіде кең таралған бейнежазбаның кейіпкеріне айналды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көшеде полицейді бір ұрған бұрынғы қызметкері туралы оқиға жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілішсі.

Балта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Учаскелік полицейді балтамен ұрған ауыл тұрғыны сотталды

"Қазіргі уақытта Ш. есімді азамат Алматы қаласы әкімдігінің қызметкері емес. Ол 2017 жылы 6 наурызда өз еркімен жұмыстан кеткен", — деп хабарлады әкімдік баспасөз қызметі.

"Полицейге көрсетілген қызметтік куәлік мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы ретінде берілген. Жұмыстан шығарылған кезде куәліктің мерзімі де аяқталды. Ш. жоғалтып алдым деп арыз жазғандықтан, куәлік тәркіленбеген. Кадр бөлімінің басшысына сөгіс тағайындалды", — деп атап өтті әкімдікте.

Бұдан бұрын Алматыда Toyota Camry жүргізушісі полицейге шабуыл жасағаны үшін ұсталған. Полиция қызметкерін жұдырықпен бір ұрған сәті бейнежазбаға түсірілген болатын.

 

 

Жаңалықтар
0