АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Алматыда полиция орталық клиникалық аурухана ауданын тазартып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция көліктері Фурманов және Шевченко көшелерінің қиылысындағы Орталық клиникалық ауруханаға кірер жерде кезекшілік атқаруда.
Аурухана ауданында эвакуатор жұмыс істеп жатыр, көшенің бойындағы көліктердің біразы шығарылды. Жолға жаңа белгі жағылуда, сонымен қатар су шашатын көлік те осы жерде тұр.

1/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Алматыдағы орталық клиникалық аурухана ауданы

2/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Алматыда полиция орталық клиникалық аурухана ауданын тазартып жатыр

3/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Полицей көліктері Орталық клиникалық ауруханаға кірер жерде кезекшілік атқаруда

4/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Ауданда жол жабылды
1/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Алматыдағы орталық клиникалық аурухана ауданы
2/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Алматыда полиция орталық клиникалық аурухана ауданын тазартып жатыр
3/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Полицей көліктері Орталық клиникалық ауруханаға кірер жерде кезекшілік атқаруда
4/4
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Ауданда жол жабылды
Фурманов көшесінен Жамбылға шығатын жол сары таспамен жабылған. Көшелерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етуде.
Полиция мен коммуналдық қыметтердің бұл қауырт жұмысының себебі әзірге белгісіз.
