Қоғам

Министр Бекетаев қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді

© Sputnik / Болат ШайхиновМарат Бекетаев
Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр аптасына үш рет қазақ тілінен сабақ алып жүр екен

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев бір жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақ тілін жетілдіру үшін сабақ алып жүрсіз бе? Қазақ тілінде қашан бізге толық жауап бересіз?" деген журналистердің сұрағына министр:

"Қазақ тілінде бір жылдың ішінде толық жауап беремін. Қазір аптасына үш рет сабақ аламын. Мен өзімді жақсы сезініп жүрмін. Өйткені мен ауылға барған кезде қазақша сөйлемін, туыстарыммен қазақша сөйлеймін. Маған жақсы болды", — деп жауап берді Бекетаев.

Айта кетсек, бұған дейін қаңтар айының ортасында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алты айдың ішінде қазақ тілін үйреніп алуға уәде берген еді. Ол Мәскеуде қызмет еткен бес жылда қазақ тiлiн ұмытыңқырап қалған. 2016 жылы желтоқсанда министр болып тағайындалған Сүлейменов 2012 жылдан Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөнiндегi алқа мүшесi (министр) қызметiн атқарған болатын. 

Жаңалықтар
0