АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте ғана кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел тұрады — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында да желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с, шаңды дауыл соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.
4 мамырға арналған ауа райы болжамы

4 мамырға арналған ауа райы болжамы