Өңірлер

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын түседі

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДождь
Дождь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикамыздың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі күтіледі

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik.  Мамыр айының ауа-райы тұрақсыз, егер 2 мамырда  Шығыс Қазақстанда қар және кей жерлерде бұрқасын байқалса, алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен ауа температурасы 20…27ºС дейін жоғарлайды, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Еділден қайтадан Қазақстан аумақтарына суық атмосфералық фронттар жылжиды. Олардың  батыстан шығысқа қарай жылжуына байланысты, республикамыздың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ және  температураның төмендеуі күтіледі. 

Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз. Бұл өңірлерде ауа температурасы әзірге жоғарлайтын болады.


Жаңалықтар
0