АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Арабтық "Аль-Джазира" телеарнасының қаруланған оппозицияның Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерінің төртінші раундынан кетіп қалғаны туралы хабарламасына қатысты ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов пікір білдірді.
"Ол ақпарат БАҚ-та жарияланды, бірақ қазіргі уақытта мен он растай да, жоққа да шығара алмаймын", — деді Жайнақов журналистерге.
Астанада сириялық қақтығыстарды реттеу жөніндегі келіссөздер барысында Сириядағы шиеленісті бәсеңдетудің төрт аймағын құру туралы құжатқа қол қойылуы мүмкін. Келіссөздер 3 мамыр күні түске қарай басталды.