АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын бопсалау күдігі бойынша ұстады, одан қару-жарақтың біраз арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды өңірлік ішкі ісер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, полицияға Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті 54 жасар Сайрам ауданының тұрғынын өз үйінде 9 миллион теңгені қолма-қол алу барысында құрықтады. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін қарау барысында 9 дана атыс, жарақат салатын, пневматикалық қаруларды және мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ дәрілерді тәркіледі.
Аталған жайт СДБТР тіркеліп ҚР ҚК 194 бабы "Қорқытып алу" қылмыстық іс қозғалған.
Аталған жайт СДБТР тіркеліп ҚР ҚК екі бабымен қылмыстық іс қозғалды: 194 бабының 4 тармағы "Қорқытып алу", 287 бабының 2 тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру". Сот қаулысымен ұсталған азамат 2 айға қамауға алынды.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.